Ақордаға апаратын жолдың өзі қырық құрақ жамау - Тоқаев

0
779

Президент бір апта бұрын еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелері туралы арнайы жиын өткізгенін айта келе, автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілдерге ерекше тоқталды.


Ақордаға апаратын жолдың өзі қырық құрақ жамау - Тоқаев

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің жолдары нашар екенін және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағанын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Президент бір апта бұрын еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелері туралы арнайы жиын өткізгенін айта келе, автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілдерге ерекше тоқталды.

Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайды. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет. Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес, - деді Тоқаев.

Сөз арасында президент елімізде жол салуға қажетті материалдың барлығы барын айта келе, жол сапасы сын көтермейтінін жеткізді.

Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ, отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайды. Мұны, тіпті, қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мысалы, елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан, 200 мың тонна битум жетіспейді. Тіптен, Ақордаға баратын жолдың өзі қырық құрақ жамау, - деді президент.

Президенттің айтуынша, құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе, яғни бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды.

Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралауды тапсырамын. Соның негізінде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет. Ал жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту керек, - керек деді Тоқаев.