Ақпан айында қазақстандықтардың ең төмен күнкөріс деңгейі жоғарылады

0
1 922

​2018 жылғы ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 008 теңгені құрады​. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігі жариялады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақпан айында қазақстандықтардың ең төмен күнкөріс деңгейі жоғарылады

2018 жылғы ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 008 теңгені құрады. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігі жариялады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,7%, жемістер мен көкөністерді - 10,1%, нан және жарма өнімдерін - 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2%-ды құрады.