Ақпанның соңында КВИ мен пневмонияның статистикасы біріктірілуі мүмкін

0
2 438

Талдау нәтижелерінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мәліметтерді жариялайды.


Ақпанның соңында КВИ мен пневмонияның статистикасы біріктірілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Коронавирус пен пневмонияның статистикасы 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят ОКҚ-да өткен брифингіде айтты, деп жазады zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, бүгіндері Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық статистика бюросы бірлесе жұмыс жасап жатыр. Біз ауруға шалдығушылар мен кісі өлімінің барлық жағдайларын тіркеу мен есепке алуды күшейту мақсатында белгілі бір жоспарлар қабылдадық және құжаттарды қарастырудамыз, - деді Қинаят.

Оның айтуынша, бүгінгі күні медициналық ұйымдар мәліметтер базасын жаңғырту үшін КВИ + және КВИ - науқастарды қайта санап жатыр.

Барлық медициналық ұйымдар жылдық есептерді дайындап, ұсынады, + КВИ және - КВИ-ға қатысты әр жағдайды барлық базалардан жіті тексеріп, науқастың ЖСН-і және емделу кезеңдері бойынша қарап, анықтаймыз. Сондықтан қазір көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айдың соңында КВИ туралы соңғы жаңартылған мәліметтер жарияланады. Мүмкін бәрі біріктіріледі. Енді біз коронавирустың әр жағдайын + және - деп бөлек санап шығамыз. Анықталған + жағдайларға қатысты мәселе жоқ, бірақ біз - КВИ туралы бірнеше рет айттық, шұғыл деректер ұсындық, дәрігерлер бірнеше кезеңге диагноз қойды. Өзгерістер болады деп ойлаймыз, - деп түсіндірді вице-министр.

Ол талдау нәтижелерінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мәліметтерді жариялайтынын айтты.

Біз жазда науқастардың көп болғанын және науқастардың деректері дер кезінде енгізілмегенін айттық. Бұл деректер кейінірек жүйеге енгізілді. Осыған байланысты статистика уақытында ұсынылмады, - деп қорытындылады сөзін Ажар Қинаят.