Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

0
611

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Мыңбай Дархан Қамзабекұлы ашты.


Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін, 28 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс «ZOOM» платформасы арқылы онлайн-форматта өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Мыңбай Дархан Қамзабекұлы ашты. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің басшылық құрамы, үкіметтік емес ұйымдардың, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері және т. б. қатысты.
Шара барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, мемлекеттік органдардың миссияларын қайта қарау, азаматтардың мемлекеттік аппараттың жұмысын түсінуі және «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ» қызметі туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің 3 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылды.
Жиын қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жоғарыда аталған мәселелер бойынша ұсыныстар берді.
Кезекті отырысты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін өткізу жоспарлануда.