Ақпараттың шын не жалған екендігін анықтайтын интернет-ресурс іске қосылды

0
859

Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар.


Ақпараттың шын не жалған екендігін анықтайтын интернет-ресурс іске қосылды

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсын іске қосты, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату және т.б. екендігін жариялайды.

StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.

Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды.

Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалығына бағытталған.