АҚШ-та қазақстандық велошабандоздың денесін елге жіберу үшін ақша жиналып жатыр

0
954

Дінмұхамедті Қазақстанға жеткізіп жерлеу үшін 15 мың доллар қажет.


АҚШ-та қазақстандық велошабандоздың денесін елге жіберу үшін ақша жиналып жатыр

ERNUR.KZ. АҚШ-та 24 жасында Лос-Анджелесте кенеттен қайтыс болған қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

"Дінмұхамедті Қазақстанға жеткізіп жерлеу үшін 15 мың доллар қажет. Қажетті соманы жинауға көмектесіңіздерші", - делінген gofund.me сайтындағы жазбада.
Еске салайық, 17 мамырда Қазақстанның велоспорт федерациясы Ұлысбаевтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, спортшының жүрегі тоқтап қалған.
Айта кетейік, спортшы өмірінің соңғы күндерін жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде өткізген, америкалық велокомандалардың бірінде ойнамақ болған
Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанды.