Ақсуда азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұғып алған әйелге қатысты сот үкім шығарды

0
317

Сот қысқартылған тәртіпте өтті.


Ақсуда азаматтық некедегі күйеуіне  пышақ сұғып алған әйелге қатысты сот үкім шығарды

ERNUR.KZ. Сот Ақсу қаласының 41 жастағы тұрғынын ҚР ҚК-нің 106-бабының бірінші бөлігі, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басылымның хабарлауынша, ер адамға азаматтық некедегі әйелінің іс-әрекеті ұнамай қалған. 9 наурызда кешке үйіне оралған Ақсу қаласының тұрғыны кешкі ас әзірлеп жатқан әйелінің шашынан ұстап, сүйреген. Әдепсіз сөздер айтып, дәлізге сүйреп шығып, басынан бірнеше рет ұрған.

Әйелдің қолында асхана пышағы болған. Ол тоқтауын өтінгенмен ер адам соққыны жалғастыра берген. Осы кезде әйел күйеуінің бүйір тұсына пышақ тыққан.

Сот қысқартылған тәртіпте өтті. Ер адам сотталушыға ешқандай талабы жоқ екенін айтып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.