Ақтау орталығындағы құттықтау мәтіні жұртты күлдірді

0
797

Қала әкімдігінің өкілдері мәтінді жүктеу кезінде компания қызметкері қате жібергенін, ол бірнеше минут ішінде бірден түзетілгенін түсіндірді.


Ақтау орталығындағы құттықтау мәтіні жұртты күлдірді

ERNUR.KZ. Ақтау орталығында ілінген жазу қалалықтарды күлдірді. Шаһар әкімдігінің өкілдері құттықтауда қате неден кеткенін түсіндірді, - деп жазады Tengrinews.kz Lada.kz сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қалалықтар Ынтымақ алаңындағы пластик қызғалдағы бар платформада жазылған инсталляцияға қатысты қызу пікір білдіріп жатыр.

"С новым годым", - деп жазылған инсталляцияда. Қате "годым" деген сөзде. Оның орнына "годом" деп жазылуы тиіс.

Қала әкімдігінің өкілдері мәтінді жүктеу кезінде компания қызметкері қате жібергенін, ол бірнеше минут ішінде бірден түзетілгенін түсіндірді.

"Техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және әр отбасына бақыт пен амандық тілейміз", - деді әкімдіктегілер.