Бала ауруханада жатыр.
Фото: Lada.kz
ERNUR.KZ. Ақтау қаласында 12 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы 12 жасар қыздың қазіргі жағдайы туралы айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, қыз балаға бас миының жабық жарақаты, маңдай сүйегінің сынуы, мидың орташа ауырлықтағы көгеруі, маңдай аймағының көгеруі секілді диагноз қойылды.
"Жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесі, емдеу жүргізіліп жатыр. Отасыз симптоматикалық терапия тағайындалады", - деп хабарлады медициналық мекеме.
Оқиға №2 шағын аудандағы №71 үйдің жанындағы футбол алаңында болған. Басылымның жазуынша, футбол алаңының құрылысы бітпеген. 24 қазан күні балалар футбол қақпасын өз бетінше көтеріп орнатады, салдарынан қақпа 12 жасар қыздың басына түскен.