Ақтауда ақталып шыққан полковниктің ұлы қайта қамауға алынды

0
359

Ол есірткі сатты деп айыпталды.


Ақтауда ақталып шыққан полковниктің ұлы қайта қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ақтауда сот есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«4 маусымда Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының Батыс Қазақстан полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның өтінішін қарап, оны толығымен қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды. Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді, сотталушы сот залында қамауға алынды», - деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, 15 мамырда Ақтауда алқабилер соты есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шыққан болатын. Прокуратура іс бойынша толық дәлелдемелік база, екі куәгердің айғақтары және сотталушының кінәсін растайтын басқа да тергеу хаттамалары жиналғанын хабарлады.