Ақтауда аялдама жанында талып қалған жас жігітке куәгерлер шұғыл көмек көрсетті (видео)

0
182

​Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.


Ақтауда аялдама жанында талып қалған жас жігітке куәгерлер шұғыл көмек көрсетті (видео)

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

ERNUR.KZ. Ақтауда аялдама жанында жас жігіт талып қалған. Куәгерлер оған шұғыл көмек көрсетуге тырысқан. Белгілі болғандай, жігіттің эпилепсиясысы ұстап қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға 12 шағын аудандағы автобус аялдамасында болған. Әлеуметтік желілерде жүгіріп келе жатқан адамдар аялдамада кенеттен ұстамасы ұстаған жас жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен бейне пайда болды.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының баспасөз қызметінде 10 қараша күні түстен кейін 16 жастағы оқушының эпилепсия ұстамасы болғанын растады. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.