Ақтауда бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

0
578

Оқыс оқиға 25 сәуір күні кешке 17-шағын ауданда болған.


Ақтауда бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Stan.kz.




Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай 25 сәуірде, шамамен сағат 18:00-де 17-шағын аудандағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болған.



Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

“Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарламасында.