Ақтауда бетперде киген топтың жасөспірімдерді азаптаған тағы бір видеосы тарады

0
1 048

Кадрда бетперде киген жігіттер екі жасөспірімді күштеп шешіндіріп, асқан қатыгездікпен түрлі затпен ұрып-соғып, тепкіге жыққан.


Ақтауда бетперде киген топтың жасөспірімдерді азаптаған тағы бір видеосы тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде ықтимал есірткі қоюшыларды азаптап-қорлағандардың тағы бір видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Lada басылымының жазуынша, кадрда бетперде киген жігіттер екі жасөспірімді күштеп шешіндіріп, асқан қатыгездікпен түрлі затпен ұрып-соғып, тепкіге жыққан.

«2022 жылдың 18 қыркүйегінде Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бетперде киген күдіктілердің екі азаматты аяусыз соққыға жығып, балтамен ұрғанын анықтады. Олардың осыған ұқсас басқа да әрекеттері бар екені белгілі болды», - деді Маңғыстау облысы бойынша ПД өкілдері.

Сондай-ақ ықтимал есірткі қоюшыларға шабуыл жасады деген күдіктілер сот шешімімен екі айға қамауға алынғаны хабарланды.