Ақтаудағы физика-математиканы тереңдетіп оқытатын №11-лицейдің биылғы түлектерінің көбі мемлекеттік грантты жеңіп алды.
ERNUR.KZ. Ал, 11-А сыныбында оқыған 23 оқушының барлығы жоғарғы білімді тегін оқитын болды, деп жазады inbusiness.kz.
"Бір сыныпты бітірген 23 оқушының біреуі Түркия еліне, біреуі Италияның ЖОО-на грантқа түсті және екеуі Чехияға тіл курсын тегін оқуға жолдама алды. Осы түлектерден өзге 19 оқушымыз мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысты. Барлығы да грант жеңіп алды", - дейді сынып жетекшісі Ұлхия Максимова.
Ал, келесі сыныпты бітірген 19 оқушының 16-ы мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады.