Ақтауда екі ай бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі іздестіріліп жатыр

0
441

Кәрім Свамбаев 6 сәуірде кешке қарай жоғалып кеткен.


Ақтауда екі ай бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында екі айға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 28 жастағы Кәрім Свамбаевты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Lada басылымының жазуынша, еріктілер қозғалысы тәртіп сақшыларымен бірге «Приморский» тұрғын алабының тұрғыны Кәрім Свамбаевты іздеу жұмыстарын әлі тоқтатқан жоқ. Бұл туралы жігіттің әкесі Рустам Свамбаев мәлімдеді.

«Белгілі болғандай, 6 сәуірде кешке Кәрім Свамбаев Жемчужная көшесі, 29 (Приморск тұрғын алабында) орналасқан үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған», - делінген хаьарламада.

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара.

Жоғалған күні үстінде қара капюшоны бар жемпір, қоңыр түсті туфли және қара джинсы шалбар, жанында рюкзак болған.

«Жігіттің қайда екені туралы мәліметі бар адамдардан +7 (701) 600-09-05 (әкесі Рустам) телефон нөміріне хабарласуын сұрайды», - делінген хабарламада.