Ақтауда ер адам 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

0
1 088

35 жастағы ер адам мен жасөспірім "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде хат алмасқан.


Ақтауда ер адам 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

ERNUR.KZ. Ақтауда 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ақтауда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде 13 жастағы қызбен хат алмасып, оны интим сипаттағы сурет жіберуге мәжбүрлеген 35 жастағы ер адам ұсталды.

Хат алмасу кезінде ол кәмелетке толмаған қызды жалаңаш суретін жіберуге көндірген, кейін қосымша фотолар жібермеген жағдайда оны әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытқан", - делінген хабарламада.


ІІМ өкілдері ер адам маусымда ұсталғанын айтты. Қазір ол кәмелетке толмағандарды азғырғаны және порнография таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды.
Полицейлер ата-аналарды балалары қызығатын контентті мұқият зерттеп, телефондарын заңмен тыйым салынған материалдардың бар-жоғына тексеруге шақырды.