Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

0
1 487

Зардап шеккен 1978 жылы туған ер адам қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.


Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатынан оқыстан құлап, мертігіп қалды, деп жазады baq.kz.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше қайғылы оқиға кеше түнде орын алған. Ақтаудағы 13 шағын аудандағы көпқабаттың үйдің ауласында болған жағдайдан кейін бірден жедел жәрдем келді.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен 1978 жылы туған ер адам қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Науқас өте ауыр жағдайда. Оған қатысты тиісті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр", деп хабарлайды МО ауруханасының баспасөз қызметіндегілер.