16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.
Фото: видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп жазады inform.kz.
16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.
«Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды, – делінген полиция хабарламасында.
15 жастағы жасөспірім таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарланған болатын.