Ақтаулық тұрғын жол талғамайтын көлігіне саяси белгі жабыстырғаны үшін жаза арқалады.
ERNUR.KZ. Ол артқы әйнегіне Z белгісін жабыстырған, деп жазады Экспресс К.
Ақтаулық жүргізуші Jeep Cherokee маркалі көлігінің әйнегіне саяси белгі жабыстырып, көшеде тайраңдаған. Оның әрекетін жергілікті полиция қызметкерлері байқап қалған. Lada сайтының мәліметінше, жүргізушіні бірден тоқтатып, жазаға тартқан.
Саяси белгі жабыстырған жүргізуші 3 бірдей бап бойынша 24 504 теңге мөлшерінде айыппұл арқалады.