Ақтауда көшеге жалаңаш шыққан ер адам жындыханаға қамалды

0
587

6 ақпан күні әлеуметтік желіде Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген адамның бейнежазбасы жария болған еді.


Ақтауда көшеге жалаңаш шыққан ер адам жындыханаға қамалды

ERNUR.KZ. Ақтауда сейсенбі күні көшеге жалаңаш шығып елді шошытқан ер адамды полиция ұстады. Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады inform.kz.

«Күдікті ұсталғаннан кейін бірден психиатриялық диспансерге жатқызылды. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі сай жарияланбайды. Бұл жағдай бойынша тергеу жалғасуда», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

6 ақпан күні әлеуметтік желіде Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген адамның бейнежазбасы жария болған еді. Кейін бұл жағдайдың 6 ықшамауданда болғаны анықталды.

Қолына кітап ұстап, арабша құран сүресіне ұқсас сөздерді айтқан ер адам сол маңдағы дүкенге кіріп, тоңазытқышты құлатып тастаған. Артынша оны учаскелік полицейлер ұстағаны хабарланды.