Ақтауда қыз баланы танысы көлікте зорлап кетті

0
696

Ақтауда ер адам жас қызды өзінің көлігінде зорлаған.


Ақтауда қыз баланы танысы көлікте зорлап кетті

ERNUR.KZ Жәбірленуші арыз жазғанымен полиция бірден тергеу жүргізбеген, деп жазады Stan.kz

Көлікте зорланған қыз өзінің пәктігінен айрылып, бірден полицияға арыз бергенін айтады.

Nemolchi.kz жазуынша арыз жазылғанына қарамастан полиция тергеу жұмыстарын тағайындамаған. Сонымен бірге, тиісті айғақтар заттарды алып, күдіктіні ұстағамаған.

Тек кезекші бөлім жәбірленушіні сот-медициналық сараптамаға жіберіп, жауап алған.

Одан кейін қыздың туыстары оның денсаулығын тексертпек болады. Жәбірленуші тарап дәрігерлердің сараптамалық пікірін талап етпей тек зорланған қызды қарап шығуын сұраған. Алайда оны ешбір емхана қабылдамай сот-медициналық сараптамаға жіберген.

Осыдан кейін Nemolchi.kz қоғамдық қорының өкілдері еліміздің бас дәрігері Алексей Цой мен ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаевқа шағым білдіріп, мәселені назарда ұстауын сұраған.

Осыған қатысты Маңғыстау облыстық Полиция басқармасы аталған оқиғаның тіркеуге алғанын растап отыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қазан күні Ақтау қаласының полиция басқармасына қыз бала өзінің танысы еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған.

“Аталған дерек бойынша ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді облыстың ПБ баспасөз қызметі.