Келісім-шарт құны 62 жарым млн теңгеден асады.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласының әкімдігі жасанды қызғалдақтары құлап қалған компанияға енді жаңа жылдық безендіруді сеніп тапсырмақшы, деп жазады inbusiness.kz.
Келісім-шарт құны 62 жарым млн теңгеден асады.
Сондай-ақ Қостанай билігі 3 шыршаны безендіруге 10 млн теңге бөлген. Бұл қаржыға шыршалар орнатумен ғана шектелмек. Сырғанақ пен мұз айдыны карантиндік шектеулерге орай биыл тағы да болмайды.
Ал, Атырау әкімшілігі болса халықтың сынына құлақ асқан сыңайлы. 2018-ші жылы бюджеттен 65 млн теңге бөліп, елдің ашуын туғызған еді. Ал биыл жаңа жылдық безендіруге көк тиын да бермегендерін айтады.