​Ақтауда сегіз жастағы бала тоқ соғып қайтыс болды

0
393

Қайғылы оқиға 23 маусым күні кешкі сағат 22.00 шамасында болған.


​Ақтауда сегіз жастағы бала тоқ соғып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақтауда сегіз жастағы бала тоқ соғып қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусым күні кешкі сағат 22.00 шамасында Ақтау қаласындағы 5 шағынауданда, «Волна» базары мен №7 мектеп-лицей арасында болған.

«Оқу ғимаратының қоршауына жарық бағаны орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала сол бағанды ұстаған сәтте тоқ соққан. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.