Ақтауда серфингке шыққан жігітті теңіздің ағыны алып кетті

0
417

Өңірдің ТЖД қызметкерлері теңізге кеткен 19 жастағы жігітті құтқарып қалды.


Ақтауда серфингке шыққан жігітті теңіздің ағыны алып кетті

ERNUR.KZ. Бүгін, яғни 3 маусым күні шамамен сағат 16:00-де SUP-тақталарымен теңізге серуендеуге шыққан 2005 жылы туған екі жергілікті тұрғынды теңіз ағыны алып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жігіттердің бірі өздігінен жағаға шыға алды. Екіншісін ағын теңіздің терең тұсына қарай алып кетті. ТЖД қызметкерлері жағалауды патрульдеу кезінде жігітті құтқарды. Оны дереу жағаға жеткізді. Құтқарылған жігітке медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады аймақтың ТЖД.

Құтқарушылар тұрғындарға желдің екпіні 9-10 м/с болған кезде, әсіресе жел кері соққанда, үрлемелі жүзу құралдарымен және катамарандармен теңізге шықпауға кеңес береді.