Ақтауда жылу құбыры жүйесін жөндеу кезінде тас қабырға құлап, бір адам көз жұмды.
ERNUR.KZ. Жөндеу жұмыстары кезінде қабырға астында қалған жұмысшы бірден ауруханаға жеткізілген. Ақтауда жылу құбырын жөндеу кезінде бір жұмысшы құлаған қабырға астында қалып қойған, деп жазады exk.kz.
Оқыс оқиға 8 маусым күні таңертең 11 сағат шамасында болған. Ықшамаудандардың бірінде жөндеу жұмыстарында жүрген адам күтпеген жерден жарақат алды.
"Ақтау қаласындағы 23-ықшамаудан аумағында жылу құбыры жүйесін жөндеу кезінде тас қабырға құлады. Соның салдарынан 1978 жылы туған бір адам зардап шегіп, бірден жедел жәрдеммен алып кетті. Шақыру түскен соң апат аймағына төтенше жағдайлар қызметкері жұмылдырылды", — деді МО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Қожабекова.
Бұл төтенше оқиғадан кейін науқас жансақтау бөліміне жеткізілгенімен көп ұзамай жан тапсырды.