Ақтауда тегін құлаққап таратылып, халық бірін-бірі таптап тастады (видео)

0
1 130

Ақтаудағы ұялы телефондар дүкенінің иесі 100 AirPods, 100 телефон қаптағыш және телефонға арналған 100 әйнекті тегін таратқан.


Ақтауда тегін құлаққап таратылып, халық бірін-бірі таптап тастады (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда тегін затқа таласып, бір-бірін таптаған жұртшылық видеоға түсіп қалды, деп жазады stan.kz.

Ақтаудағы ұялы телефондар дүкенінің иесі 100 AirPods, 100 телефон қаптағыш және телефонға арналған 100 әйнекті тегін таратқан. Соған балалар мен жасөспірімдер таласып, соңы дүрбелеңге айналды. Таласқан халықтың арасында кейбірі қысылып қалған.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, ұялы телефон компаниясы әкімдікке шара өткізетіні туралы хабарламаған. Сол үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынған.