2 жас 3 айлық қыз 7% күйік алды.
ERNUR.KZ. Ақтауда балабақшада бала ыстық суға күйіп қалған. Енді тәрбиешілер тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ, деп жазады stan.kz.
2 жас 3 айлық қыз 7% күйік алды. Баланың анасы ол 26 желтоқсанда күйгенін айтады. Оны балабақшада тәрбиешілер жуындырған кезде ыстық су құйған.
"Сағат 16: 00-де "Bala Land" балабақшасының меңгерушісі қоңырау шалып, менің баламды жуындырған кезде аздап күйіп қалғанын айтты. Сағат 18:00-де жұбайым баланы алып кетуге келді, қызымды көріп шошып кеткен. Белге дейін бұты, сол аяғы күйіп, терісіне көпіршіктер шығып кеткен. Сағат 19:00-де үйге жедел жәрдем шақырдық. Оны балалар ауруханасына алып кетті”, – дейді ана.
Травматолог көпіршіктерді алып тастап, үйге қайтарған. Қызда II дәрежелі термиялық күйік болды. Ата-ана полицияға арыз жазған, олар кінәлілердің жауапқа тартылғанын талап етеді.
Қалалық білім басқармасы аталған балабақша жеке меншік екенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта балабақша басшылығына тиісті шаралар қабылдау туралы ескерту берілді. Директордың ақпараты бойынша ұжыммен түсіндірме әңгіме өткізілді. Сондай-ақ тиісті тәртіптік шараларды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.