​Ақтаудағы студенттер арасында қырғын төбелес болды

0
2 254

Оқиға салдарынан екі жас жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті.


​Ақтаудағы студенттер арасында қырғын төбелес болды

ERNUR.KZ. Ақтауда бірнеше колледждің студенттері төбелесіп, екі жас жігіт облыстық ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты тәрбиелеу бөлімінің басшысы Құралай Газимова мәлім еткен.

«Түрлі колледждерде оқитын он шақты студент 11 желтоқсан күні төбелескен. Оқиға салдарынан екі жас жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті», - дейді Құралай Газимова.

Білім басқармасының мамандары құқық қорқау органдарының қызметкерлерімен бірлесе колледждердің директорларынан, ата-аналардан болған жайды анықтап білді.

«Іс кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ісімен айналысатын комиссияға берілді. Ары қарай ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодескінің 127-бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша ата-аналар жауапқа тартылады.

Сондай-ақ, білім басқармасы бұл іске қатысты ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.