Ақтөбе облысынан Қостанайға жаңа газ құбыры салынады

0
639

Роман Скляр әкімдік инвесторлармен бірлесіп, болашақта өңірді қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуді ескере отырып, олардың жобаларын жүзеге асыруды синхрондау қажеттігін айтты.


Ақтөбе облысынан Қостанайға жаңа газ құбыры салынады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына жаңа газ құбыры тартылады, деп жазады stan.kz.

Қостанай облысына премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр келгенде, мұны әкім Құмар Ақсақалов жаңа жоба туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, ауқымды жобаны жүзеге асыру елді мекендерді де, жанармайдың үлкен көлемін қажет ететін ірі инвестициялық жобаларды да газдандыруға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, Қостанай облысында ауылдық елді мекендердің 28 пайызы ғана орталықтандырылған газбен қамтылған. Сондықтан бұл жобаның облыс тұрғындары үшін маңызы зор.

Ақтөбе облысынан Қостанайға магистральдық газ құбырын тарту туралы тапсырманы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында Қостанай облысына жұмыс сапары барысында берген. Энергетика министрлігі QazagGaz ҰК АҚ-мен бірлесіп, дереу техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге кірісті. Қазіргі таңда жұмыс қызу жүріп жатыр.

Роман Скляр әкімдік инвесторлармен бірлесіп, болашақта өңірді қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуді ескере отырып, олардың жобаларын жүзеге асыруды синхрондау қажеттігін айтты.