Ақтөбе облысында шекара заставасындағы адам өлтіру оқиғасы тергеліп жатыр
ERNUR.KZ. Келісімшарт бойынша әскери қызметші әріптесіне оқ атқан, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 2 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің "Қиялы" шекара заставасында болған. Әскери прокуратура мәліметінше, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында жанжал шығып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.
"Келісімшарт бойынша қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қарудан ауызша жанжал нәтижесінде әріптесіне оқ атып, ол жедел медициналық жәрдем көлігінде қайтыс болды. Осы факт бойынша Батыс, өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Іс бойынша күдікті ұсталды", - деді Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Руслан Жанисбаев.