Ақтөбе облысында қабір тастарын бүлдірген оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды

0
2 984

Бірнеше оқушы зират ішіне кіріп, қабір тастарын шималап тастаған.


Ақтөбе облысында қабір тастарын бүлдірген оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Темір ауданында зираттағы қабірлерді оқушылар бүлдірген. Олардың орнына ата-аналары бүлінген қабірлер үшін жарты миллионнан астам теңге айыппұл төлеуге мәжбүр, деп жазады zakon.kz.

Бірнеше оқушы зират ішіне кіріп, қабір тастарын шималап тастаған. Олар жауапқа тартатын жасқа жетпегендіктен, аталған құқық бұзушылық үшін сотта ата-аналары жауап берді.

Ата-аналар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін кінәлі деп танылды, әрбір ата-анаға 24 мың 150 теңге көлемінде айыппұл салынды. Іс мұнымен бітпеді, кейінірек оларды жергілікті тұрғын тағы сотқа беріп, ата-анасының қабірлеріндегі тастарға келтірген залалды өтеуді талап етті.

Тараптар өзара келісімге келді: жауапқа тартылушылар осы жылдың соңына дейін 572 мың теңге көлемінде материалдық залалдың өтемақысын төлеуге келісті.