Астаналық дәрігерлер Батыс Қазақстандағы газ кенішіндегі өрттен зардап шеккен жұмысшының өмірі үшін екі аптаға жуық уақыт күресті.
ERNUR.KZ. Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауыты аумағындағы өрттен кейін ауруханаға түскен жұмысшылардың бірі қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Ақтөбе облысындағы зауытта болған төтенше жағдайдан кейін ер адам сагитарлық авиациямен астаналық ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты. Бірақ оның күйік жарақаты тым ауыр болған. Марқұм 56 жастағы ер адам болатын.
Зардап шеккен тағы екі азамат Астана қалалық ауруханасында ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Тағы біреуі Ақтөбеде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Еске салсақ, Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында мамыр айының басында өрт болды.