Ақтөбе облысында шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты

0
352

Тағы бір қызметкер ауруханаға жеткізілді.


Ақтөбе облысында шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты

16 тамызда Дөң тау-кен байыту комбинаты (Хромтау) Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахта учаскесіндегі ұңғыма жұмыстары кезінде жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі қызметкер жарылыс толқынының астында қалған. Маркшейдерлік жұмыстар кезінде тау-кен жұмысшысы қаза тауып, екінші учаскелік маркшейдер жараланды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.

Дөң кен-байыту комбинаты– хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында орналасқан.