Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған балаларға шұғыл түрде ота жасалды

0
838

Жол апатынан 1 бала оқиға орнында көз жұмды, 8-і балалар ауруханасына жеткізілген.


Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған балаларға шұғыл түрде ота жасалды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасы 17 желтоқсанда облыс орталығында өтетін волейбол жарысына бара жатып, жол апатына түскен балалардың жағдайы туралы ақпарат берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ақтөбе-Шұбарқұдық тасжолындағы жол апатынан зардап шеккен сегіз бала жеткізілді. Жарақат алған төрт адамның жағдайы орташа ауыр, төртеуінің жағдайы өте ауыр. Төрт бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Біреуіне ота жасалды. Екіншісіне ота жасалып жатыр», - деді аурухананың бас дәрігері Ербол Жапахов.

Естеріңізге саламыз, 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды. Автокөлік ішінде Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысуға бара жатқан 11 адам болған. Олардың 9-ы 2010-2011 жылдары туған балалар.

1 бала оқиға орнында көз жұмды, қалған 8-і Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.