Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті – видео

0
809

​Құтқарушылар Land Cruiser көлігін екі жарым метр тереңдіктен шығарды.


Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті – видео

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында автокөлік мұз астына түсіп кетті, деп жазады sputnik.kz.


Төтенше жағдай 28 желтоқсанда болды. Құтқарушыларға белгісіз жағдайда Land Cruiser мұздың астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен. Балық аулауға келген жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгеріпті.

Еріктілермен бірлесіп құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Құтқарушылар Land Cruiser көлігін 2,5 метр тереңдіктен көтерді, көлік Ақтөбе су қоймасының жағасынан 50 метр жерде болған.

Оқиға орнында мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болғаны хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаменті мұздың беріктігін теуіп тексеруге тыйым салынатынын еске салды. Қалың қар жатқан, атап айтқанда, өсімдік өскен жерлерге жақын (бұта мен қамыс) аумақтар өте қауіпті, мұнда мұз әрқашан жұқа және морт сынғыш болады.

Мұз қалыңдығы кем дегенде 7 сантиметрге жеткен кезде ғана қауіп төндірмейді, ал балық аулау үшін кемінде 10 сантиметр болуға тиіс, қалыңдығы 20 сантиметрден жоғары мұз жеңіл көлікті көтереді.