Ақтөбеде 17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз бір-біріне ғашып болып, қарым-қатынас құрған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп сотталған 17 жастағы жігіт бостандыққа шықты, деп жазады Stan.kz.
"Ақтөбе облыстық соты ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотталған Т.-ға қатысты (16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасау) қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады. Заң бойынша, егер сотталушы 16 жасқа толса және жәбірленуші осы жасқа жетпесе, ерікті жыныстық қатынас үшін жауапкершілік туындайды. Егер жыныстық қатынас бірнеше рет болса (екі және одан да көп рет орын алған болса), 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл аса ауыр қылмыс", - делінген соттың хабарламасында.
Соттың тұжырымдамасына сәйкес, күдіктінің 2005 жылы туған кәмелетке толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсуінің кінәсі сотталушының өзі, сондай-ақ жәбірленуші, оның заңды өкілі, куәгерлер, сот сараптамаларының қорытындылары арқылы толық дәлелденді.
Материалдардың бәрін қарастыра отырып, сот ҚК бабының санкциясымен көзделген жазаны тағайындайды. Бұл ретте ерекше жеңілдететін мән-жайлар болса, санкцияда көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мүмкіндігі қарастырылады.
"Сот алқасы Т. - ның кәмелетке толмаған жасын, оның өкінуін, оң мінездемесін, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін осындай жағдайлар деп таныды. Осыған байланысты сот Т.- ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оны қамаудан босатты", - деп хабарлады сотта.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде 17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз бір-біріне ғашып болып, қарым-қатынас құрған. Екі жақты келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Олар тіпті бірге бірнеше рет қашып кеткен. Ғашықтарды үйіне қайтарған. Кейін қыздың анасы сараптама өткізбекші болған. Сол уақытта жігітті 16-ға толмаған жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түсті деп тұтқындаған.
Колледж студенті қыркүйектен бері тергеуде болған. 18 қыркүйекте Ақтөбе тергеу соты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 24 қарашада оған қатысты үкім шықты. Сот жасөспірімді 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Қоғам белсенділері жастардың бір-біріне ғашық екенін әрі қыздың анасының арыздан бас тартқанын ескере отырып, істі қайта қарауды талап етті.