Әйел бала күтушісіне қызын қарау үшін бір айлық ақшасын төлеген.
ERNUR.KZ. Ақтөбелік тұрғын біреудің 5 жасар қызын төрт жылдан бері бағып отыр. 45 жастағы Марина Фотеску бауыр басып қалған бүлдіршінді баласындай көреді. Қыз баланы шешесі 4 жыл бұрын тастап кеткен, деп жазады NUR.KZ.
Марина Фотеску алғашында 36 жастағы келіншектің қызына бала күтушісі болады. Әйел бала күтушісіне қызын қарау үшін бір айлық ақшасын төлеген.
"Алғашында қызын бағып беруімді өтініп бір айға ақшасын төледі. Кейін жұмыстарында қиындықтар болып жатқанын айтты. Келіншекті аяған соң қызын бағып беретінімді айттым. Ол әйелдің тағы да балалары бар. Олардың қайда екенін білмеймін. Анасы мүлде хабарласпайды.
Мен бұл балаға бауыр басып қалдым. Әрі қарай да өзім тәрбиелегім келеді. Төрт жылдан бері баланың жағдайына алаңдамаған анасы ертең алып кеткенда бұл балаға қандай тәрбие береді?!", - дейді Марина Фотеску.
Марина келесі жылы бүлдіршіннің сабаққа баратынын ойлап, алаңдайды. Себебі қолында баланың бірде бір құжаты жоқ. Бала құқына жауапты мекемелерге барғысы да келеді. Тек бауыр басып қалған бүлдіршінді тартып ала ма деп қорқады.
Фатескулар отбасы қыздың туған анасымен араласқанына қарсы емес. Олар іздеушісі жоқ бүлдіршіннен бас тартпай, асырап алуға әзір. Ең бастысы анасы мен әкесі рұқсатын берсе, қызды қатарынан кем қылмаймыз деп отыр.
"Анасы екі жыл бұрын түнде бейтаныс ер адаммен келіп, қызын алып кететінін айтты. Мен баланы түнде бере алмайтынымды, күндіз келуін сұрадым. Содан кейін хабар болған жоқ. Мен баланың анасын жамандап онымен ара қатынасымды бүлдіргім келмейді.
Қазір президенттің өзі қараусыз балаларды үй жағдайында тәрбиелеуді айтып жатыр. Мен кішкентай Әсемгүлімді балалар үйіне алып кете ма деп қорқамын. Ата-анасы заңды рұқсатын берсе, бауыр басып қалған қызымды қатарынан қалдырмай өсірер едім", - дейді әйел.
Кішкентай Әсемгүл есімді бүлдіршін бұл отбасыға еңбектеп жүрген кезінде келген. Бұйра шашты, көзі мөлдіреген бүлдіршін сүйкімділігімен айналасын баурап алған. Өзі пысық, ешкімді жатырқамайды. Оның үстіне барлық әріпті таниды, сабаққа дайындалып жүр. Бала тек орыс тілінде ғана сөйлейді.