Ақтөбеде әлеуметтік желіде басталған жанжал жаппай төбелеске ұласып, екі жігіт көз жұмды

0
969

Бір топ жігіт кездесіп, төбелескен.


Ақтөбеде әлеуметтік желіде басталған жанжал жаппай төбелеске ұласып, екі жігіт көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында топ арасындағы төбелестен 2 жігіт көз жұмды. Олар алдымен Instaqram желісі арқылы бір-бірімен сөзге келіп, кейін кездескен. Сол кезде төбелесіп, екеуі ауруханада көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2-қаңтардан 3-қаңтарға қараған түні тіркелді.

Бір топ жігіт кездесіп, төбелескен. Төрт адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Салдарынан 2006 жылы туған екі жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды.

- Жанжал Instaqram әлеуметтік желісіндегі қақтығыстан басталған. Содан кейін олар кездесіп, талқылауға келіскен. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.