Ақтөбеде анасы мен қызы жалақы үшін әкімшіні соққыға жықты

0
828

Әкімші анасы мен қызынан соққыға жыққаны үшін 3 млн талап етті.


ERNUR.KZ. 40 жастағы Марина К. және оның 20 жастағы қызы Анита орталық даңғылдағы кафеде менеджер және даяшы болып жұмысқа тұрады. 3 күн жұмыстан соң, 1 күн демалған. Бір күннен кейін олар кафеге жалақы алуға келеді, деп жазады Skifnews.kz.

Әкімші 3 күн сынақ мерзімі болғанын және оған жалақы төленбейтінін айтады. Анасы мен қызы әйелді шашынан сүйреп, ұрып-соғып, кассадан 50 мыңнан артық ақша шығарады.

Әйелдерді тыныштандыру үшін арнайы күзет шақырылды. Анита әкімшіні бір стақан сырамен ұрып, күзетшінің үстелде қалдырған травматикалық тапаншасын қолданған. Соққыға жығылған әкімші есерсоқ әйелдерден жасырыну үшін киінетін бөлмеде тығылған.

Нәтижесінде анасы мен қызы айыпталушы ретінде соттан бір шықты. Марина К. жұмысқа тұрар кезде сынақ мерзімі туралы мүлде айтылмағанын алға тартты. Әкімші анасы мен қызынан соққыға жыққаны үшін 3 млн талап етті.

Сот Марина К-ны 1,5 жылға, ал қызын 2 жылға бас бостандығынан айырды. 2 әйелге кафе мен мейрамханаларға баруға тыйым салынды. Сонымен қатар, олар ұрып-соққан әкімшіге моральды тұрғыда 80 мың теңге айыппұл төлеуі қажет.