Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты анасын өлтірген 16 жастағы қызды 9 жылға бас бостандығынан айырды.
ERNUR.KZ. Қылмысқа сыбайлас болған оның 18 жастағы жігіті 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот үкімінен белгілі болғаны жігіт сүйіктісінің анасымен ұрсысқан. «Диапазон» басылымының жазуынша, әйелдің қолында пышақ болған, тартыс кезінде жігіт әйелдің қолына тап беріп, пышақтың жүзін айналдырып, әйелдің кеуде тұсына сұғып алған.
Ол мұнымен қоймай, әйелді қылқындырып, оны еденге құлатқан. Сонан соң жігітке қыз көмекке келіп, анасының денесінен пышақты суырып алып, бірнеше рет сұққан.
Әйелдің денесі бес күнге жуық балконда жатқан: мәйіт иістеніп кетпеу үшін оқушы қыз бен оның жігіті оның үстіне сірке суы мен сода құйған.
Кейін сот отырысында қыз анасымен қарым-қатынасы қиын болғанын, бірақ оны өлтіру ниеті болмағанын айтты.
Соттағы соңғы сөзінде жігіт: Қызымның анасын өлтіру ойымызда да болмаған, ондай ойыңа да кіріп-шықпайды ғой. Мен қарапайым өмір сүріп жаттым әрі қызыммен бақытты өмір сүргім келді. Мен Көкшетауданмын, мектепті үздік бітірдім. Менің ата-анам жақсы, олардың қарым-қатынасы керемет болды, менің отбасым осындай болса деп армандадым.
Ол тағы «қауіпті қылмыскерлер емес, өмірді әлі көрмеген балалар» екенін айтты.
“Соттан бізді ұзақ жылдар бойы ажыратпауға мүмкіндік беруін сұраймын. Мен қайғылы жағдайдың ауыр екенін ұғып тұрмын және сот қандай шешім шығарса да, мен қызыма үйленемін. Осыған көмектессеңіз деген өтінішім бар”, – деп түйіндеді сөзін сотталушы.