Өткен тәулікте ауа райы күрт бұзылып, Самара - Шымкент тасжолының бірнеше бөлігі жабылды.
Өткен тәулікте ауа райы күрт бұзылып, Самара - Шымкент тасжолының бірнеше бөлігі жабылды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, қар құрсауынан 9 адам құтқарылды. Тағы 106 адам эвуакацияланды.
«Барлығы 7 елдімекенде 15 жеңіл көлік, 366 жүк көлігі, 7 жолаушылар автобусы тоқтатылды. 112 құтқару қызметінен 106 жолаушысы бар 2 автобус жүргізушісі көмек сұрады. Құтқарушылар Өзбекстан азаматтарын
Әйтеке би ауылының мешітіне орналастырылды»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Мұғалжар ауданы орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда 24 жастағы жүкті келіншекке көмек қажет болды. Құтқарушылар әйелді Қандыағаш қаласының ауруханасына аман-есен жеткізді. Ақтөбе облысының ТЖ департаменті жолға шығар кезде хабарламаларды ескеруді сұрайды.
Еске салсақ, биыл құтқарушылар жолда қалған адамдарды жылыту бекеттеріне жеткізіп, көмек көрсету жұмыстарын бірнеше рет жүргізді. Ақтөбе облысының 7 ауданында барлығы 596 жеңіл автокөлік, 1 339 жүк көлігі, 23 жолаушылар автобусы тоқтады. ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 13 адам құтқарылды. Барлығы 520 адам эвакуацияланды және 8 жылыту бекетіне орналастырылды.