Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап өлтірген

0
317

Қаза тапқан қыз - эндокринолог-дәрігер, 9 жыл медицина мамандығына оқыған.


Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап өлтірген

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақталған әйелдің денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмған.

«Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, қаскүнем балкон арқылы кіріп, қызды пышақтаған.

Қаза тапқан қыз - эндокринолог-дәрігер, 9 жыл медицина мамандығына оқыған. Ол еңбек демалысында болған.