Ақтөбеде әйелді қоқыс контейнері басып қалған

0
518

Металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлаған.


Ақтөбеде әйелді қоқыс контейнері басып қалған

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғыны үстіне қоқыс контейнері құлап қаза болды, деп жазады tengrinews.kz.

ІІМ мәліметінше, Ақтөбеде 1 қаңтарда "102" телефонына "103" операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қаза болды", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.