Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды

0
560

Ұйымдастырушылар өзін "GAP" тұтыну кооперативі ретінде таныстырып, тұрғындарға ақшасын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған.


Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде "GAP" деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Қаржы пирамидасын қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.
"Ұйымдастырушылар өзін "GAP" тұтыну кооперативі ретінде таныстырып, тұрғындарға ақшасын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған. Ол үшін кезекке тұру мақсатында тұрғын үйдің немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнаны төлеу қажет деген", - делінген қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.
Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі ("қаржы пирамидасын құру және басқару") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, бұған дейін Шымкентте және Қостанайды "GAP" өндірістік кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды.
Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтардың сеніміне кіріп, олармен баспана немесе көлік сатып алуға қаржылай көмек көрсету туралы келісімшарт бекіткен.
Қостанайда ұйымдастырушылар сайтта ипотекаға пәтер алу, көлік ұтысы, Қазақстанның туристік аймақтарына саяхаттау мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланған. Сондай-ақ косметикадан бастап құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерге дейін түрлі тауар сатып алуды ұсынған.