Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

0
415

Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды.


Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Хабар24.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында сенімді азаматтардың ақшасын тарту бойынша алаяқтық схеманы анықтаған.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Unique finance» шетелдік компаниясының өкілдері ретінде көрсете отырып, халыққа Pepsi, Nike, Microsoft, Ford және BMW сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына ақша инвестициялауды ұсынған.

«Оның орнына салымшыларға салынған соманың 6%-і, жаңа серіктестің салым сомасының 5%-і мөлшерінде ай сайынғы пайда уәде етілді. Бұл ретте ең минималды салым 1000 АҚШ долларын құраған. Бағалы қағаздардың орнына халыққа жалған акциялар беріліп, олардың қаражатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар иеленіп отырған», – делінген мәліметте.

Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды.