Ақтөбеде кәсіпкер қаланың қақ ортасындағы тал-теректі бір түнде отап тастаған

0
292

Ал шенеуніктер кәсіпкердің осы жерді он жыл бұрын сатып алғанын айтады.


Ақтөбеде кәсіпкер қаланың қақ ортасындағы тал-теректі бір түнде отап тастаған

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғындары қаланың қақ ортасындағы тал-теректі отаған кәсіпкерді жазалауды талап етіп отыр. Құрылыс бастамақ болған компания ешкімге ескертпестен, бір түнде ағаштарды қопарып тастаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Таңертең келсек, дым да жоқ. Мына жердің бәрін қопарып алып тастаған. Бұл бау-бақшаның ортасы. Қала көркі. Мынау деген бірдеңе саламыз деп жатыр. Ешкім білмейді. Ешкім бізден сұраған жоқ. Рұқсат алған жоқ. Соған көтеріліп жатырмыз», - деді қала тұрғыны Айгүл Шүренбаева.

Қаланың орталық қос даңғылы түйіскен жерде шағын гүлзар болатын. Оның астан-кестеңін шығарған. Жасыл желегі аз шаһардың тұрғындары ашынып отыр. Демалуға арналған аядай жер қалмай барады дейді олар. Ең болмағанда, қопарылған жерге не салынатынан да хабарсыз.

Ал шенеуніктер кәсіпкердің осы жерді он жыл бұрын сатып алғанын айтады. Бірақ құрылыс жүргізу үшін сол маңдағы тұрғындармен санасып, рұқсатын алу керек екен. Онымен қоса тал-теректі отағаны үшін де жазасын алады деп сендіреді. Бірақ қопарылған ағаш үшін айыппұлмен құтылатынын бәрі біледі.