Бұл даудан кейін мамандандырылған ХҚКО басшысы қызметтен кетті.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болашақ жүргізушілерге қызмет көрсеткен компания медициналық тексеруден өткізу үшін 5-8 мың теңгеге алып келген, деп жазады sputnik.kz.
Ал тексерудің орташа құны мың теңгеден аспауы керек деген талап бар.
Прокурорлар бұл компанияның медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы мүлдем болмағанын да анықтады. Бұл даудан кейін мамандандырылған ХҚКО басшысы қызметтен кетті.
"Лицензиялау ережелерін бұзғаны үшін серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, рұқсат құжатынсыз медициналық қызмет көрсету шарты бұзылды. Мамандандырылған ХҚКО басшысы қызметінен босатылды", - деді Ақтөбедегі Астана ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Есет Әзімов.