Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған ер адам жазаланады

0
609

Берген мәліметке сай, 7 наурызда №2 қалалық полиция бөліміне скоттиш-страйт тұқымды мысықтың иесі арызданды.


Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған ер адам жазаланады

Учаскелік полиция инспекторы Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz сілтеме жасап.

Берген мәліметке сай, 7 наурызда №2 қалалық полиция бөліміне скоттиш-страйт тұқымды мысықтың иесі арызданды.

Оның айтуынша, белгісіз адам мысыққа пышақ сұғып алған. Учаскелік полиция инспекторы Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Масаң күйде болғандықтан, мысыққа еш себепсіз пышақ жарақатын салғанын түсіндірді. ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.