2007 жылы туған оқушы 2 мамыр күні үйінен шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында 2 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған оқушы қызға іздеу салынды, деп жазады inform.kz.
Ақтөбе облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен Аружан Орынбасарованы іздестіріп жатыр. 2007 жылы туған оқушы 2 мамыр күні үйінен шығып кеткен.
– Бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат білген адамнан 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.