Ақтөбеде оқушылар мінген автобус өртенді

0
537

​Жүргізуші балаларды далаға шығарып үлгерген.


Ақтөбеде оқушылар мінген автобус өртенді

ERNUR.KZ. Ақтөбеде балаларға лық толы автобуста өрт шықты. Оқиға 18 ақпанда автобус мектепке бара жатқанда болды, деп жазады sputnik.kz.

Абырой болғанда жүргізуші балаларды далаға шығарып үлгерген. Басылым мәліметінше, ата-аналар автобустың жиі істен шығатынын айтып, бірнеше рет шағымданған. Соңғы төрт жылда автобус жиі бұзылып, үнемі жөндеуде тұратын, дейді ата-аналар.
Қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Айтуларынша, автобус жуық арада ауыстырылады. Білім бөлімі оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.
Бұған дейін Ақтөбе облысында үш бала көлік ішінде өртеніп кетті.